Өскемен қаласы,
Согринская к-сі, 223/8
Картадан көрсету


info@medcentr-vko.kz

Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Корпоративтік ақпарат

Дерматовенеролог Скачать прейскурант

Дерматовенеролог дәрігер кім

Дерматовенеролог -  тері және венерологиялық ауруларды емдеумен айналысатын, олардың алдын алу мен диагностика жасайтын, сондай-ақ аталған аурулардың ағзаның жалпы алғанда басқа да патологиялық жай-күйлерімен өзара байланысын зерттейтін клиникалық медицина саласындағы маман.

 

Б. М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығында дәрігер-дерматовенеролог нені емдейді:

  • зең қоздырғыштарынан (микроспория, трихофития, эпидермофития және т. б.) туындаған тері және тырнақ ауруларын;
  • вирустық текті (герпес, қызғылт теміреткі, белдеулене теміреткі, папиллома және т. б.) тері ауруларын;
  • терінің инфекциялық зақымдануы – импетигоны;
  • нейродерматиттерді, экземаларды, аллергиялық текті дерматиттерді;
  • тері және май бездерінің қабыну және соматикалық ауруларын (себорея және т.б.);
  • терінің паразитарлық зақымдануын (қышыма, нематод енгізу);
  • есекжемді;
  • ішкі ағзалардың ауруларының нәтижесінде (АІЖ бұзылыстары, трихинеллез, охноцеркоз, тунгиоз, шистосоматоз сияқты ішкі ағзалардың паразитарлы зақымданулары), дәрілік және улы заттардың әсер етуі нәтижесінде пайда болған тері бөртпелері мен зақымдануларды, АИТВ – жұқпасынан туындайтын терінің түрлі зақымдануларын;
  • бөртпе, жасөспірімдер терісінің проблемаларын;
  • экссудативті диатезді;
  • псориазды;
  • гонореяны;
  • трихомониазды;
  • С гепатитін;
  • мерезді;
  • АИТВ/ЖИТС;
  • гонореяны;
  • урогенитальды кандидоз және хламидиозды;
  • қызғылт теміреткіні;
  • контагиозды моллюскіні;
  • үшкір кондиломаларды;
  • кандидозды;
  • себореялық дерматитті және т. б.

Дерматолог емдейтін тізімге сонымен қатар косметологиялық сипаттағы проблемаларды да, сондай-ақ онкологиялық ауруларға әкелуге қабілеттікейбір тері патологияларын қосуға болады.

 

Б. М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығының дәрігер-дерматовенерологының кеңесі қажет, егер:

- бет және дене терісі ауру кейіпте болса; 

- түсініксіз тектегі дақтар пайда болса; 

- іріңдеген пайда болулар туындаса;

- сүйелдер/меңдер/таңдақтары нысандарын, түсін, мөлшерін өзгертсе, жаңалары пайда болса;

- теріні бөртпе басып кетсе;

- көз астында «қаптар», әжімдер пайда болса;

- қол, аяқ, бет ісінсе;

- тері түлеп түссе;

- жыныс органдарының маңайындағы тері қызарып немесе бөртпе басып кетсе, қышыну сезілсе, жыныс органдарынан бөлулер пайда болса;     

- несеп төгудің бұзылуын байқасаңыз;

- жыныс органдарынан бөлулердің тән емес ерекшеліктері; 

- ауыздағы ақ түсті өңездер;

- тік ішек аумағындағы қышыну;

- несеп шығару кезіндегі ауырсыну және шаншуы;

- қынабынан немесе зәр шығару каналынан бөлінулер;

- несеп шығарудың жиілеуі;

- шаптың түрлі қарқындағы ауыруы;   

- әйелдердің етеккір кезеңінің бұзылуы;

- ерлердің жұмалақтарының ауыруы.

Қандай жағдайда баланы дерматолог - дәрігерге апару керек: 

Әдетте, дерматологқа баруға қатысты шешімді бала үшін ересектер жасайды. Айта кету керек, балаларда болатын аллергиялық дерматиттер мен диатездің көріністерінің жиілігі ересектердің қырағылығын төмендетпеуі тиіс. Балалар, әсіресе, кішкентайлар, оларда тері қабатына қатысты, сондай-ақ инфекциялық сипаттағы және де паразиттік сипаттағы түрлі аурулардың пайда болуына аса жоғары дәрежеде бейім. Егер де тері бөртпелері жиі пайда болса, ол баланың ішегінде паразиттердің болуын көрсетуі мүмкін. Тек дерматологтың кеңесі ғана бұл жағдайда шын мәнінде не болғанын анықтауға көмектеседі, сондай-ақ ем тағайындау да тек дерматолог дәрігермен жүргізіледі.   

 

Б. М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығындағы дерматовенерологтың диагностикасы: ол нені қамтиды?

Осы маманға бару белгілі бір шараларды жүргізуді талап етеді, соның негізінде нақты диагноз қойылады.

 

Дерматовенерологқа бару кезінде өзекті талдаулардың қатарына келесілер жатады:

  • аллергендер, антигендер, антиденелер тұрғысынан қан талдау;
  • аллергологиялық панелі;
  • флораға жағынды;
  • қырнама (микроскопия, ПЦР);
  • зең ауруларына қарсы дәрі-дәрмек және антибиотиктерге қатысты сезімталдығын анықтау барысында флораға егуді білдіретін микробиология.

 

Б. М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығында дерматовенерологтың қабылдауы қалай өтеді:

Белгілердің жоғарыда аталған түрлері болған жағдайда дерматовенерологтың кеңесіне және тиісінше тексеруге жазылу қажет. Алғашқы тексеру кезінде дәрігер аурудың түрі мен ерекшелігін анықтап, аурудың себебі неден болғанын анықтау үшін талдаулар тағайындайды. Солардың нәтижелерінің негізінде дерматовенеролог ем тағайындайды, ауру үшін нақты жағдайда талап етілетін кеңестерді анықтайды және өз науқастарын алдын-ала жазылу бойынша қабылдайды – бұл сіздерге өз кезегіңізді шаршап күтуді болдырмауға мүмкіндік береді және дәрігерге баруыңызды барынша қолайлы және ыңғайлы қылады.

Создание и продвижение сайтов. Все виды интернет-рекламы.TOO GOODZON GROUP