Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Блог руководителяКорпоративтік ақпарат
ФГДС – бұл эндоскопиялық зерттеу, фиброгастродуоденоскопия, гастроэндоскоптың көмегімен жүргізілетін ас қорыту органдарының диагностикасы. Бұл аспап құрсақ қуысы органдарының сапалы және нақты суретін көрсетеді, ол дәл диагноз қоюға және қажетті ем тағайындауға мүмкіндік береді. Асқазанға ФГДС жүргізу кезінде көп жағдайда «гастроскопия» атауымен шектеледі, бұл асқазанды зерттеуді білдіреді. ФГДС нені білдіреді. Процедураның атауы келесідей түсіндіріледі: «фибро» қосымшасы диагностикада қолданылатын зонд сипаттамасын білдіреді.Од оптикалық талшықтан тұрады. Ол асқорыту органдарының бейнесін мониторға шығаруға мүмкіндік береді. Сөздің «гастро» бөлігі осындай процедурада асқазан зерттелетінін білдіреді. Сөздің «дуодено» бөлігі он екі елі ішектің – ішектің басы зерттелетінін білдіреді. Сөздің «скопия» деген соңы дәрігердің зонд көмегімен құрсақ қуысы органдарын қарауын білдіреді. ФГДС диагностикалық. Гастроэнтеролог ФГДС-ты асқазанның шырышын, асқазан мен 12-елі ішекті егжей-тегжейлі тексеру қажет болған барлық жағдайда тағайындайды. ФГДС-сыз асқазан-ішек ауруларын сапалы және нақты диагностикалауды жүргізу мүмкін емес. Процедура келесідей ауруларды диагностикалау үшін тағайындалады: асқазанның шырышты қабығының қабыну жағдайлары, соның ішінде асқазанның қалыпты, төмен және жоғары қышқылшығаратын қасиеттері бар қатты және созылмалы гастриттер. Он екі елі ішектің әрүрлі этиология мен асқыну дәрежесіндегі қабынуы. Эзофагиттар; Рефлюкс-эзофагит; Асқазан және ұлтабардың жара ауруы. Ішектің ісік процесіне күдік. Сондай-ақ дәрігерлер ФГДС-ті алдын алу мақсатында жүргізуді ұсынады. Асқазанның қыжыл, жүрек айнуы, кекіру және т. б. жағдайларына шағымы барларға көрсетіледі. Асқазанына ота жасатқандардың барлығына. Глюкокортикостероидтар немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тұрақты қабылдайтын тұлғаларға. Науқастың гастроэзофагалды рефлюкстік ауруы болған жағдайда. ФГДС дайындау. ФГДС жүргізердің алында науқас дайындалуы керек. Жоспарлы тексерудің алдында бірнеше күн бұрын кез келген дәрі-дәрмекті қабылдауды тоқтату қажет, тек дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті қабылдау керек және оларды қабылдауды тоқтатуға болмайды. Ал процедураға дейін 12 сағат қалғанда тамақ және су ішуге болмайды. Бұл асқазанға бөгде зат тиген кезде құсу рефлексі туындамас үшін, тексеруді жеңілдету үшін қажет (өйткені асқазандағы тамақ қалдықтары оны қиындатады).
Дәрілік препараттарға аллергия болған жағдайда дәрігерді ескерту қажет. Бұл отадағы ықтимал тәуекелдерді болдырмайды. ФГДС тексеруі тек арнайы кабинетте жүргізілуі керек. Онда фиброскоп, сондай-ақ монитор міндетті түрде болады. Науқас кереуетке сол жақ бүйірге жатқызылады. Дәрігер науқастың аузына зонт енгізеді. Зонд енгізгеннен қорқып қажеті жоқ: ол жіңішке кабельге ұқсас. Кейбір жағдайларда зонд мұрын арқылы да енгізілуі мүмкін. Бұл зонд жұтқыншақ арқылы өтеді, одан ары өңешке түседі, содан кейін асқазанға, ақырында, он екі елі ішекке жетеді. Асқазанның барлық тексерілуі 10 – 15 минуттан аспайтын уақытқа созылады. Науқасқа бұл процедурадан қорқып қажеті жоқ. Ол ауырсындырмайды, дегенмен, кейбір науқастардың жағымсыз сезімдер сезінуі мүмкін. Бұл үшін дәрігер ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер қолданады. Гастроскопия көрсеткендей асқазан ФГДС-ы – асқазан жағдайының диагностикасының сенімді әдісі. Тексеру кезінде асқазанның шырышты қабатының келесідей патологиялық жағдайларын көруге болады: шырышты қабығындағы өзгерістер. Мониторға шығарылатын бейне өте нақты және сапалы болғандықтан көп жағдайда тәжірибелі дәрігер қатты гастриттің себебін анықтай алады. Ал мұндай ауру кезінде науқасқа керекті ем тағайындау аса маңызды.
Асқазанға зонд тимес бұрын дәрігер өңеш жағдайын, әсіресе онда түймешіктердің немесе басқа да ісіктердің болу болмауын егжей-тегжейлі тексеруі мүмкін. Асқазанның шырышты қабығының созылмалы гастрит кезіндегі өзгерістерінің сипаты. Түймешіктердің немесе асқазан обырының оқшаулану орны. Асқазанның шырышты қабығының Хеликобактер пилори бактерияларымен зақымдану орны. Асқазанның аузы бар жарасының пайда болу тәуекелі. Пилорустың жай-күйі. Асқазанның шырышты қабығының үстінде эрозияның болуы. ФГДС көмегімен алынған бейнелер сенімді, сапалы болып табылады және диагноз қоюға негіз болып табылады. Осылайша, науқас сапалы ем ала алады. . ФГДС қарсы көрсетілімдері. Науқаста қатты респираторлық ауру, тұмау, ангина болған жайдайларда ФГДС қарсы көрсетіледі.