Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Блог руководителяКорпоративтік ақпарат
1. Дәрілік электрофорез (Лек)
Көрсеткіштері:
Әр түрлі генезді перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (неврит, плексит, радикулит)
Орталық және вегетативтік нерв жүйесінің аурулары (невроз, вегетоневроз, диэнцефалды синдромы, арахноидит, ишемиялық инсульт)
1-11А сатысындағы Гипертониялық ауру, қолқаның және перифериялық артериялардың атеросклерозы
Тыныс алу органдарының аурулары (трахеит, бронхит, плеврит, пневмония)
Ас қорыту мүшелерінің аурулары (созылмалы гастрит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өт және ішектің дискинезиясы)
Сүйек және буындалу аурулары (әр түрлі этиологиялы артриттер, деформациялайтын остеоартроздар, омыртқаның остеохондрозы, сүйектердің сынуы, буындардың контрактуралары және т. б.)
Несеп-жыныс ағзаларының аурулары (созылмалы пиелонефрит, цистит, уретрит, простатит, аднексит, периметрит, аналық бездің дисфункциясы және т. б.)
Құлақ, тамақ және мұрын аурулары (ринит, гайморит, тубоотит, адгезивті отит, есту жүйкесінің невриті)
Көз аурулары (мүйіз қабық пен шыны тәрізді дененің бұлдырауы, шыны тәрізді денеге қан құйылу, көздің жарақаттық зақымдану салдарлары, торқабықтың дистрофиясы және көру нервінің атрофиясы)
2. Магнитотерапия (Радиус-магнит)
Көрсеткіштері:
Хирургия (сылбыржазылатын іріңді жаралар, күйіктер, трофикалық жаралар, флебит, тромбофлебит)
Неврология (мидың жабық жарақаттарының салдары, энцефалопатия, ишемиялық инсульт, перифериялық нервтердің зақымдалуы, диабеттік полиневрит және вазопатиялар)
Өкпе аурулары (бронх-өкпе жүйесінің созылмалы және жедел қабыну аурулары, тыныс демікпесі)
Несеп-жыныс жүйесінің өткір және созылмалы қабыну аурулары
Ас қорыту органдарының созылмалы және жіті аурулары
Қабыну аурулары, дегенеративті-дистрофиялық және зақымнан кейінгі ауру және тірек жүйесінің жарақаттық зақымдануы
3. Ультражоғарыжиіліктегі терапия (УВЧ - 80-04 "Стрела+")
Көрсеткіштері:
Лор-органдарының өткір қабыну аурулары, кеңірдек, бронхтар, несеп-жыныс органдарының, буындардың, сондай-ақ тіс және пародонт аурулары кезінде
Терінің өткір қабыну аурулары, теріасты клетчаткасының аурулары (фурункул, карбункул, гидраденит, жұқпадан кейінгі инфильтраттар) аурудың бастапқы сатысындағы (гидратациялау кезеңі) немесе операциядан кейінгі кезеңдегі аурулары
Жұмсақ тіндердің жарақаттық зақымдануы, сүйектің буындалуы, қан құйылу, жұмсақ тіндер және гематомалар.
4. Амплипульстерапия (СМТ), диадинамикалық терапия (Бернар токтары) (ZIMMER Solеo Galva)
Көрсеткіштері:
Түрлі генездегі невроз тәрізді аурулар. Айқын көрінген вегетативті-қан тамырлары бұзылыстары бар перифериялық жүйке жүйесінің аурулары (невралгия, неврит, плексит)
Буындардың және омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық аурулары (артрозоартрит. спондилоартроз, остеохондроз)
Перифериялық артериялардың окклюзионды аурулары
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өт және ішек дискинезиялары, созылмалы колит
Әйелдің жыныс органдарының қабыну аурулары және функциясының бұзылуы
Қуық асты безінің және қуықтың атониясы, қуық асты безінің созылмалы қабынуы, несеп-тас ауруы
5. Ультрадыбыстық терапия (ZIMMER Soleo Sono)
Көрсеткіштері:
Қабыну, дегенеративті-дистрофиялық аурулары, тірек-қимыл, нерв, жүрек-қан тамырлары, бронх-өкпе, зәр шығару жүйелерінің жарақаттық зақымдануы, ЛОР-органдары, көз, тері және стоматологияда.
6. Соққы-толқынды терапия (ZIMMER eN PLUS Version 2.0)
Көрсеткіштері:
Қабыну, дегенеративті-дистрофиялық аурулары, тірек-қимыл, нерв, жүрек-қан тамырлары, бронх-өкпе, зәр шығару жүйелерінің жарақаттық зақымдануы, ЛОР-органдары, көз, тері және стоматологияда.
7. Ультракүлгін спектрімен терапия (Сынапты-кварцты сәулелендіргіш УГН - 01М, СБШ-20)
Көрсеткіштері:
Травматологиядя және хирургиядя (фурункул, карбункул, сикоз және т. б.), тілме, трофикалық жаралар, сылбыржазылатын жаралар, ұйыған жерлер, қабыну және зақымнан кейінгі буын аурулары, ревматоидты артрит)
Жүйке жүйесінің (неврит, жедел миозит)
Пульмонологияда (жіті және созылмалы бронхит, бронх демікпесі)
Гинекология (жатыр қосалқыларының қабынуы)
Инфекциялық аурулар (Тұмау, созылмалы тонзиллиттер және т. б.)
8. Ингаляциялық терапия (OMRON comp A-1-R)
Көрсеткіштері:
Тыныс алу органдарының созылмалы аурулары (фарингит, трахеит, бронхит, бронх демікпесі), вегетативті - қан тамырлы дистониясы, функционалдық ОЖЖ-нің аурулары, респираторлық аурулардан жиі зардап шегетін тұлғалардағы асқынулардың және жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларының асқынуының алдын алу.
9. Дарсонвальтерапия ("КДА" Дарс)
Көрсеткіштері:
Нерв жүйесінің қызметтік бұзылыстары, кардиалық түрімен нервайналымдық құбылмалық, неврит, невралгия, Рейно ауруы, аяқ көктамырының варикоздық кеңеюі және геморроидалды көктамырдың кеңеюі, трофикалық жаралар, сылбыржазылатын жаралар, тік ішектің сызаттары, әйел жыныс органдарының қабыну аурулары, бастың ошақтық шаш түсуі, дерматит, сыртқы отит, міні бар тері, майлы себорея (безеулі бөртпе), пародонтит, пародонтоз, гингивит.