Өскемен қаласы,
Согринская к-сі, 223/8
Картадан көрсету


em.alu.plus@mail.kz

Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Блог руководителя
Корпоративтік ақпарат

Функционалдық диагностика дәрігері Скачать прейскурант

Электрокардиография - жүректің қалыпты және патологиялық жағдайдағы қызметін электрофизиологиялық зерттеу әдісі, ол миокардтің электр белсенділігін тіркеу және талдауға негізделген. ЭКГ жүрек қызметіндегі алғашқы бұзылушылықтарды  анықтауға, жүрек патологияларының серпінін және тағайындалған терапияның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

 

Жүректің эхокардиографиясы – ультрадыбыстық толқындардың көмегімен ағза тіндерінің орындарын зерттеуге негізделген жүрек қызметін зерттеу.

Бұл толқындар жоғары жиілікті, адам құлағымен есту мүмкін емес. Жүрек тербелістері сәуле береді, содан кейін денеге тығыз қойылған тетіктермен қабылданады. Кейін қайтқанда толқындар электр сигналдарына өзгеріп, эхокардиографпен өңделеді. Зерттеу нәтижелері экранда екі немесе үш өлшемді суреттер түрінде ұсынылады. Түрлі-түсті нұсқадағы зерттеулер «түс -допплерографиясы» деп аталады.

Жоғары ақпараттылықтың кең мүмкіндіктері, зерттеу кезінде жарақаттардың болмауы, ауыртпауы – осы көрсеткіштердің  барлығы эхокардиографияны жүрек аурулары бар науқастарды зерттеудің стандартты әдісіне айналдырды.

 

Тәуліктік (Холтерлік) ЭКГ мониторлау –  науқастың әдеттегі өмірі және белсенділік жағдайындағы жүректің электр белсенділігін ұзақ тіркеу әдісі. Қалыпты ЭКГ  дәрігерге жүрек жұмысы туралы толық ақпарат береді: жүрек жиырылуының жиілігі, ырғақтылығы, жүректің өткізуші жүйесі туралы, ишемияның бар жоғы туралы (қанмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі). Бірақ, егер науқаста ауру ұстамасы немесе аритмия тек жүктеме кезінде немесе тәулігіне 1-2 рет пайда болса, ұстамадан тыс алынған дағдылы ЭКГ әбден қалыпты болады. 

Холтерлік мониторлау ұзақ уақыт бойы ЭКГ жазуларына (әдетте бір тәулік ішінде) мүмкіндік береді, оның үстіне электрокардиограмма дәрігердің кабинетінде, тыныштықта емес, науқастың үйреншікті белсенділігі жағдайында жазылады.

 

Артериалдық қан қысымын тәуліктік мониторлау (АҚҚТМ) - бұл үздіксіз 24 сағат ішінде шағын тасымалды компьютер құрылғының көмегімен АҚҚ тіркеу. Осындай аспаптың манжетасы науқастың иығына бекітіледі және белгілі уақыт аралығынан кейін АҚҚ автоматты түрде тіркеледі. Бұл ретте науқас үйіне қайтып әдеттегі өмір салтын жүргізеді. Тәуліктік мониторлау кезінде тәулік бойындағы АҚҚ-дағы барлық өзгерістер, соның ішінде жүрек-қан тамыр асқынуларының (инсульт, миокард инфаркты) одан әрі дамуын болжау үшін маңызды өзгерістер анықталады. Жүргізілген гипотензиялық емдеудің (дәрілерді қабылдау нәтижесінде АҚҚ төмендеу дәрежесі) сапасын бақылауға мүмкіндік туады.

 

Спирография - табиғи тыныс алу қозғалыстары мен ерік жеделдетілген тыныс алу маневрлерін орындау кезіндегі өкпе көлемдерінің өзгеруін графикалық тіркеу әдісі. Спирография өкпе желдетуін сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте, бұл өкпе және кеуде қабырғасының серпімді қасиеттерін сипаттайтын статикалық көлемі мен сыйымдылығы, сондай-ақ уақыт бірлігінде демді ішке тарту мен дем шығару кезінде тыныс алу жолдары арқылы желдетілетін ауаның санын анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді босаңсып тыныс алу тәртібінде анықтайды, ал кейбірін - жеделдетілген тыныс алу маневрлерін жүргізу кезінде анықтайды.

Создание и продвижение сайтов. Все виды интернет-рекламы.TOO GOODZON GROUP