Өскемен қаласы,
Согринская к-сі, 223/8
Картадан көрсету


em.alu.plus@mail.kz

Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Блог руководителя
Корпоративтік ақпарат

Оториноларинголог (ЛОР дәрігері) Скачать прейскурант

ЛОР немесе отоларинголог – бұл құлақ, көмей-жұтқыншақ және мұрын қуысының ауруларын емдеумен және алдын алумен,  диагностикасымен айналысатын маман. Көбінесе ЛОР-ға кішкене жастағы науқастарды емдеуге тура келеді, себебі дәл осы балалар мұрын-жұтқыншақ және ортаңғы құлақ қабыну ауруларынан үнемі зардап шегеді. Ересектер, әдетте, осы патологиялардың барлық клиникалық симптомдарын елемейді, тек ешқандай дәрілік препараттар көмектеспеген жағдайда, ауруға шыдау мүмкін емес кезде ғана медициналық көмекке жүгінеді.

Отоларинголог-дәрігердің құзыреттілігіне келесідей ауруларды емдеу және алдын алу кіреді:

  • Мұрын қуысының қабыну аурулары -  ринит, синусит, гайморит, фронтит және басқа да;

  • Мұрын қуысының полиптері;

  •  Мұрын қалқаншасының қисаюы;

  • Көмей-жұтқыншақтың қабыну аурулары - фарингит, ангина, тонзиллит, ларингит, аденоидит;

  • Құлақ патологиясы - ортаңғы құлақ қабынуы, күкірт тығыны, Меньера синдромы.

Бұдан басқа, осы сала маманы иіс сезу және есту сезімдерінің нашарлауына алып келген себептерді жоюмен айналысады. Тіпті ең қарапайым тұмау медициналық көмекті талап ететін елеулі патологиялық процестер туралы дабыл қағуы мүмкін. Сондай ақ ЛОР – органдар анатомиялық жағынан қуыстары бір бірімен тығыз байланыста болып келетіндіктен, мысалға алғанда жай ғана ринитті уақтылы және дұрыс емдеу болмаған жағдайда ортаңғы құлақтың қабынуына алып келуі және мұрын-жұтқыншаққа инфекцияның тарауына алып келуі мүмкін. Отоларингологқа бір немесе бірнеше белгілері пайда болған кезде бару қажет:

  • Жұтынған кезде ауыру сезімі,тамақта бөгде заттың болу сезімі;

  • Жұтқыншақтың жиі қабыну аурулары, атап айтқанда, тонзиллит және фарингит;

  • Мұрынмен ауыр тыныс алу;

  • Қорылдау;

  • Мұрынның тұрақты бітелуі;

  • Ринорея;

  • Дауыстың маңқалығы;

  • Иіс сезудің бұзылуы;

  • Есту қабілетінің нашарлауы;

  • Құлақтың кенеттен, шаншып ауруы;     

  • Құлақтың бітелуі, басты бұру немесе жан жағына еңкею кезінде шудың пайда болуы;

  • Жиі ларингит, жөтел, дауыстың қырылдауы.

Тегіс бетте жатып ұйықтай алмайтын және ұйқы кезінде тұншығатын балалардың ата-аналары ЛОР-ға егжей-тегжейлі тексеру үшін баланы көрсетуі қажет, өйткені мұндай симптомдар бадамшалардың қабынуын және өсуін білдіруі мүмкін. Егер науқасқа дер кезінде білікті медициналық көмек көрсетілмесе ауыру асқына түседі, ол ұзақ уақыт оттегі жетіспеушілігінен, төменгі жақтың пішінінің өзгеруінен және ауыздың үнемі ашық болуынан тістеудің дұрыс қалыптаспауынан, көп жағдайда баланың дамуында артта қалуына алып келеді. 

 

Оториноларинголог Б.М. Шаяхметов атындағы Медициналық орталығында

созылмалы ЛОР патологиясы бар балалар мен ересектерге емдеу жүргізеді:

  • сыртқы және ортаңғы құлақтың ауруларын

  • мұрынның және мұрын маңындағы қуыстардың ауруларын

  • мұрыннан қан кетуді

  • тонзиллиттерді

  • фарингиттерді

  • ларингиттерді

  • ЛОР органдардың іріңдеуін

  • мұрын сүйектерінің сынуын (7 тәулікке дейін)

  • ЛОР органдардан бөгде денелерді алу

Сондай-ақ, шағын оториноларингологиялық оталар жасайды:

  • полипотомия

  • мұрын сүйектерінің сынғандағы репозициясы (7 тәулікке дейін)

  • бітеу жаралар мен сыздауықтарды ашу

Қызметтерді көрсету кезінде қазіргі заманғы жабдықтар қолданылады:  

  • эндоскопиялық видеоқондырғысы бар ЛОР-комбаин

  • арнайы құрал арқылы құлақты ауырсындырмай шаю

  • тонзилор-м аппаратын өолдана отырып созылмалы тонзиллиттерді емдеудің отасыз әдісі

Ауруларды емдеу кешеніне физиотерапия курсы енгізілген:

  • ингаляция

  • УВЧ

  • электрофорез және т.б.

Отоларинголог өз науқастарын алдын-ала жазылу бойынша қабылдайды - бұл сіздерге өз кезегіңізді шаршап күтуді болдырмауға мүмкіндік береді және дәрігерге баруыңызды барынша қолайлы және ыңғайлы қылады.

Создание и продвижение сайтов. Все виды интернет-рекламы.TOO GOODZON GROUP