Өскемен қаласы,
Согринская к-сі, 223/8
Картадан көрсету


em.alu.plus@mail.kz

Қабылдау бөлмесінің нөмірі - 23-30-25
АМСК тіркеу орны - 23-37-58
КДЕ тіркеу орны - 23-37-03
КДЕ тіркеу орны - 8 (776) 421-38-88
Блог руководителя
Корпоративтік ақпарат

Су асты созу немесе тракциондық терапия Скачать прейскурант

Су асты созу немесе тракциондық терапия - бұл Ресей мен шетелде елу жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан тірек-қимыл аппаратын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі.

Су асты созуының кешендерімен емдеудің жетістігі, жылы суда омыртқаға аздаған жүктеменің әсерінен бұлшық еттердің толық босаңсуы мен омыртқаға жақын созылғыш тіндер мен сіңірлердің созылуының болатындығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде ми жұлын жүйкесінің қысым көрген түбіртегінің қысылуы жойылады, омыртқааралық дискінің ығысуы жойылады және қан айналымы жақсарады, ауырсынулар азайып, соңында мүлдем жоғалады. "АКВАТРАКЦИОН" кешені - су асты созуын жүргізуге аса ыңғайлы құрылғы, онда өткен жылдардағы емдеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жоғары технологиялық зерттемелер жүзеге асырылған. Көлбеу түпті ваннаның конструкциясы созу кезінде науқастың неғұрлым дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді.  

Әр түрлі тракциялардан басқа, ванна гидромассаждың бальнеологиялық шараларын жүргізуге есептелген. Гидромассаж қосымша паравертебральды бұлшық еттерді рақаттандырады, омыртқаны неғұрлым жеңіл созуға және релаксацияға ықпал етеді.

"Акватракцион" кешені сондай-ақ душ-массажбен жабдықталады. Су асты душ-массажы - бұл ваннадағы науқасты судың ағынымен уқалайтын, сумен емдейтін шара. 

Омыртқаны созуға дайындық үшін мұндай шараны жүргізу тракцияның емдік әсерін еселеп арттырады. Бұл ретте бұлшық еттер  тынығады және созу аса жеңіл және физиологиялық түрде өтеді.

Су ағынымен массаж терінің айқын қызаруын, қанның қайта бөлінуін тудырады, қан және лимфа айналысын жақсартады, зат алмасу және тіндерді қалпына келтіру процестерін жақсартады, олардағы қабыну ошақтарының тезірек сіңірілуіне ықпал етеді, буындар мен омыртқаның қозғалғыштығын арттырады. Кез-келген әдістемесінде су астындағы душ-массаж ағзаға жалпылай әсер етеді. ОЖЖ басты корколық процестердің күшін арттыра отырып, ол адамның психосоматикалық жай-күйін сергіту әрекетіне ие. Шарадан кейін науқастар көңіл-күйінің жақсарғанын, жеңілдік, сергектік және балғындық сезімін атап өтед. Курстық емдеу жұмысқа қабілеттілікті арттырады және ұйқыны реттейді. Душ-массаж сыртқы тыныс алу функциясын жақсартады, перифериялық артериялардың қабынуын алады, жүйелі гемодинамиканы өзгертеді, әсіресе жүрек қан-тамыр ауруларында өзгертеді. Басқа да органдар мен жүйелердің функционалдық жай-күйінде оң өзгерістер орын алады.

Создание и продвижение сайтов. Все виды интернет-рекламы.TOO GOODZON GROUP